Университеттік білімді Эдмондс муниципалдық колледжінен бастау

Эдмондс муниципалдық колледжі – әдемі саябақ секілді кампусы бар мемлекеттік колледж. Біз екі жылдық университетке өту деңгейлерін, ағылшын тілін екінші тіл ретінде (ESL) үйрену бағдарламасын, кәсіби деңгейлер мен сертификаттарды, сондай-ақ, университетке түсуге арналған жоғарғы мектепті ұсынамыз. Сиэтл қаласынан 20 минуттық қашықтықта, қауіпсіз тұрғын үй аймағында орналасқан кампус Америка Құрама Штаттарында тұрған кезде студенттердің барлық қажеттіліктеріне көмектесу үшін, тамаша курстық жұмысты, сыйлықтарға ие факультетті және алғашқы қатарлы қызметтерді біріктіреді.

Эдмондс муниципалдық колледжін тәмамдаған соң, Вашингтон Университетін, Вашингтон мемлекеттік университетін, Калифорния, Нью-Йорк және таңдаған штаттарыңыздағы университеттерді қамтитын Вашингтон штатындағы және Америка Құрама Штаттарындағы университтерге өтуге болады. Студенттер тіптен Орталық Вашингтон Университетіндегі кампуста төрт жыл тұру құқығын ала алады.

Университетке түсу мақсатында Ағылшын тілін екінші тіл ретінде үйрену бағдарламасының қалаған деңгейін сәтті аяқтауды жоспарлауға көмектуге мүмкіндік беріңіз. Жыл сайын Эдмондс муниципалдық колледжін қалауындағы университет ретіндей таңдайтын 12500 Американдық студент пен 69 елден келген халықаралық студенттерге қосылыңыз.

Түсу оңай! TOEFL СЫНАҚТАРЫ ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ

Түсу үшін TOEFL сынағы талап етілмейді. Оның орнына, студенттер келгеннен кейін, колледждің ағылшын тілін бағалау сынағын тапсырады да, нәтижелері бойынша сыныптарға отырғызылады. Біз тіркелуді таңдау мүмкіндігін ұсынамыз (жылына төрт рет): қыркүйек, қаңтар, сәуір және шілде айларында. Сіздің жасыңыз 16 жаста немесе сізде жоғарғы мектептің дипломы болу керек.

Білім алу бағдарламалары

УНИВЕРСИТЕТКЕ ӨТУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ ЭДМОНДС МУНИЦИПАЛДЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ УНИВЕРСИТЕТТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ҮЙРЕНУ АРҚЫЛЫ КЕМІНДЕ 30% АҚЫНЫ ҮНЕМДЕЙДІ

Студенттерге университетке өту деңгейі бағдарламаларын оқыған кезде, біздің нұсқаушыларымыздан қосымша көмек алуға болатын кішкентай сыныптар беріледі. Біздің біріктірілген екі жылдық деңгейімен өтулер бакалавр деңгейінің алғашқы екі жылы ретінде қарастырылады. Студенттер осы «екі плюс екі» бағдарламасын таңдайды және нұсқаушылардың жеке назарын алу арқылы ақшасын үнемдейді. Эдмондс муниципалдық колледжінде ұсынылатын негізгі деңгейлер:

Өнер бірлестігі: бухгалтерлік есеп, бизнес, антропология, архитектура, өнер, байланыстар, экономика, педагогикалық қызмет, ағылшын тілі, француз тілі, география, неміс тілі, тарих, халықаралық зерттеулер, жапон тілі, журналиcтика, музыка, философия, саяси ғылым, психология, әлеуметтану, испан тілі, сөйлеу байланысы, театр ғылымы, көрнекі байланыстар/мультимедиа және т.б…

Ғылым бірлестігі: астрономия, биология, химия, компьютер ғылымы, инженерлік, қоршаған орта ғылымы, геология, математика, медицина, медбике, тағамдану және т.б.

Бакалавр бағдарламасына өту деңгейлері бойынша білім алған кезде, келесі салалардың сыныптарын таңдауға болады: Бухгалтерлік есеп, американдық ыммен түсіндіру тілі, антропология, өнер, астрономия, биология, бизнес әкімшілік, химия, байланыстар, компьютер ғылымы, әртүрлі зерттеулер, экономика, білім алу, инженерлік, ағылшын, қоршаған орта ғылымы, француз, география, геология, неміс тілі, денсаулық, тарих, гумманитарлық ғылымдар, халықаралық зерттеулер, жапон тілі, журнализм, материалдар туралы ғылым, математика, музыка, тамақтану, философия, дене шынықтыру, физика, саясаттану, психология, қоғамтану, әлеуметтану, испан тілі, сөзтану, театр өнері.

КӘСІБИ ДЕҢГЕЙЛЕР МЕН СЕРТИФИКАТТАР – ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ ШЫНАЙЫ ЖАҒДАЙДА БІЛІМ АЛЫҢЫЗ

Эдмондс муниципалдық колледжі мансаптық бағдарламалары бар шынайы жағдайда білім алу мүмкіндігін береді. Бағдарламалар студенттерді арнайы жұмыстарға дайындауға немесе бар дағдыларын жетілдіруге арналған. Студенттер екі жылдық деңгейдегі бағдарламаны немесе алты айдан тоғыз айға ұласатын білім алу сертификатын ала алады. Осы бағдарламаларды аяқтаған соң, лайықты студенттер Америка Құрама Штаттарында қызметке қабылданады.

ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕПТЕН УНИВЕРСИТЕТКЕ – ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕПТІ АЯҚТАҒАН КЕЗДЕ УНИВЕРСИТЕТТІК КРЕДИТКЕ ІЛІГУ

Жоғарғы мектеп дипломын алғыңыз келсе және бір уақытта колледж сыныптарында оқығыңыз келсе, бұл сізге арналған бағдарлама. 16 жастағы және одан ересек балалар осы реттелген бағдарламаға түсе алады. Студенттер жоғарғы мектеп дипломын алып, төрт жылдық университетке өту үшін колледждік кредиттің бір жылына иелене алады. Өз еліңізде тапсырған көптеген кредиттер осы бағдарламаға қолданылады.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ҮЙРЕНУ – БҰЛ БІР УАҚЫТТА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ҮЙРЕНУ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН КОЛЛЕДЖДІК БІЛІМДІ БЕРЕДІ

Ағылшын тілін екінші тіл ретінде қарқынды түрде үйрену бағдарламасы әрбір деңгейде аптасына 20 сағат өткізіп, оқу, жазу, сөйлеу/тыңдау қабілеттері мен грамматиканы қамтитын бастамадан жетік білуге дейінгі білім алудың бес деңгейін береді. Тіркелу төрт апталық тоқсанның екінші аптасына дейін ашық болады. Студенттер академиялық, бизнес немесе мәдени ерекшеліктерді таңдайды. TOEFL сынағына дайындық, тағылымдама / қауымдастық жұмыс және мамандандырылған ESL сыныптары да қол жетімді.

Академиялық мақсаттағы бағдарламада ағылшын тілін үйрену кезінде ESL 5-деңгейіне жеткен студенттер TOEFL сынағын тапсырмай, бір уақытта колледж сабақтарын да ала алады.

ЖАТАҚХАНА – КАМПУСТА ТҰРУ

Рейниер аймағындағы студенттер қауымдастығында тұру тәжірибесі. Біздің жатақханамыз кампустың дәл өзінде, сыныптардан 3 минуттық жерде орналасқан, 37 төрт бөлмелік, тоғыз екі бөлмелік, тоғыз студио (бесеуі екі адамдық) бөлмелер бар, әрбір қабатта жалпы орындар, бірінші қатарда жалпы бөлме, тұрғындарды қолдау орталығы, интернет, телефон, биллиард үстелі, DVD, үлкен экранды теледидар бар.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ШӘКІРТАҚЫ

Эдмондс муниципалдық колледжі Америка Құрама Штаттарында оқыған кезде халықаралық студенттерге берілетін қаржылық міндеметтені түсінеді. Біздің сізге көмектескіміз келеді. Эдмондс муниципалдық колледжі енді жаңа халықаралық стунденттерге, сондай-ақ, жуырда тіркелген студенттерге шәкіртақы ұсынады. Бұл шәкіртақылар әрбір тоқсан сайын қол жетімді.