Бағдарлама Америка Құрама Штаттарындағы колледждерге немесе университеттерге түсуге дайындалатын жеке адамдар үшін, сондай-ақ, ағылшын тілін кәсіби жетістігі немесе жеке білім қорын байыту мақсатында үйренетін адамдар үшін жасалған. Жыл бойы TIEP бағдарламасы АҚШ жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуға арналған оқу курстарын, сондай-ақ жеке және кәсіби мақсатпен ағылшын тілі білімдерін жетілдіру үшін жалпы оқыту курстарын ұсынады. Ел үкіметтері, өндірістік компаниялар және басқа ұйымдар арқылы қаржыландырылатын арнайы мамандандырылған бағдарламалар жеке адамдар немесе топтар үшін де қол жетімді. Жеке дайындалған осы бағдарламалар жоғарғы деңгейдегі басшыларға арналған ағылшын тілін үйрету курсын, басқа тілдер иеленушілері үшін ағылшын тілін оқыту курсы (TESOL) және «Ағылшын тілі мен Америка мәдениеті» курсын қамтиды.

Жоғарғы беделді және кәсіби мамандармен жасақталған институт

Жоғарғы деңгейде оқыту

Қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін жасалған бағдарлама

Тамаша академиялық ресурстар, студенттерге арналған түрлі қызметтер мен мәдени іс-шаралар

Орналасқан орны

TIEP – Техас халықаралық білім беру консорциумының (TIEC) бағдарламасы. Бұл ассоциацияға Техас штатындағы 32 мемлекеттік университет енеді. Бұл университеттер 1600-ден астам бакалавр дәрежесін алу, 1168 магистр дәрежесін алу бағдарламаларын және 400-ге жуық доктор дәрежесін алатын бағдарламаларды ұсынады. Университеттердің кейбірі штаттағы және мемлекеттегі жетекші зерттеу институттары ретінде танылған. TIEC және оның қызметтері туралы қосымша ақпаратты www.tiep.edu веб-торабынан қараңыз.

Texas Intensive English Program